Колледж миссиясы 

Жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономикасының деңгейін арттыруға қабілетті, жоғары жеке қасиеттерге ие, теориялық және тәжірибелік дағдылары жоғары деңгейдегі, орта буындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

 

Белгіленген миссия,  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«№ 7 Бетқайнар колледжі» МКҚК

педагогикалық кеңесінде қаралды (01.12.99 № 3 хаттама)

№7 Бетқайнар колледжі туралы жалпы сипаттама

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№7 Бетқайнар колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Колледж 1974 жылы құрылған. Кірпіштен тұрғызылған 706 білімгерге арналған екі қабатты оқу корпусы бар.

 

2020-2021 оқу жылында 479 білімгер білім алуда. Колледждегі білімгерлер келесі мамандықтар бойынша білім алуда:

 

1504000 «Фермер шаруашылығы» - 220

1114000 «Дәнекерлеу ісі» - 75

1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» - 139

1305000 «Ақпаараттық жүйелер» -20

1304000 «Есептеуші техникасы  және бағдарламалық қамтамасыз ету»-25

479 білім алушы мемлекеттік тапсырыс бойынша  оқиды.

 

Колледждегі қызметкерлер саны -100. Колледжде тек күндізгі оқу бөлімі ғана қарастырылған. Оқу кабинеттері жеткілікті . Бір ауысымда оқиды.

 

Колледждің өзекті мәселесінің тақырыбы:«Жаңа әлемде Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономикасының деңгейін жоғарылататын жоғары жеке қасиеттері, теориялық және практикалық дағдылары бар орта деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау».» . 

 

Колледждің жалпы құрылымы және оқу материалдық базасы

 

Колледждің  материалдық техникалық базасы, типтік үлгідегі 1974 жылы пайдалануға берілген оқу-өндірістік кешенінде орналасқан және оқу құралдармен, көрнекіліктермен қамтамасыз етілген.

 

Колледждің оқу-өндірістік шеберханасы, оқу ғимараты, асхана, спорт кешені санитарлық-гигиеналық талаптарға  және техникалық қауіпсіздік нормаларына сай.  Білімгерлердің жалпы пәндер және арнайы пәндер бойынша білім алуға оқу бөлмелері мен зертханалар оқу құралдармен жабдықталған.

 

Оқу корпусы 2 қабатты типтік 706 білімгерге арналған

Жатақхана 4 қабатты 240 орындық, қазіргі уақытта 2-ші қабатында 75 орынға есептелінген.

Спорт зал -1

Асхана 100 орындық типтік

Оқу полигоны -1

Оқу шеберханалары-2

Оқу зертханалары-3

Тігін шеберханасы -3

Кітапхана -1, кітап қоры-11994

Оқу залы -1

 

№7 Бетқайнар колледжінде жалпы 144 компютер,  7 моноблок, 14 проектор, 5-интерактивті панель бар, интернет желісіне қосылған 3 нүкте бар оның ішінде екеуінде- “4-8 мбит секунт”, біреуінде 20/8 м/б

 

Колледждің  базасында:

Оқу үрдісіне пайдаланатын 1- ГаЗ -52, 2- ГаЗ-53, 1- ВАЗ -015, 1-ВАЗ -016, 1-комбайн, 1- комбайн «Енисей-1200», шөп шабатын «Жатка»-1, шөп шабатын КС -2,1 (1 дана), дән сепкіш СЗ -3,6  (2 дана), пресс -1,6 (1 дана), культиватор -1, тырмалар бар.  Дәнекерлеу ісі шеберханасында 6 дәнекерлеу посты, 1- жартылай автомат, 1- жартылай тракторлық автомат дәнекерлеу посты, 1- газоттегімен кесу посты, 1- газбен дәнекерлеу посты.

 

Тәрбие жұмысы.

 

2020-2021 оқу жылында тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тұжырымдамасы негізінде төмендегі  бағыттары  бойынша жүзеге асырылды:

 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

 

Тәрбие жұмысының мақсаты: қазақ париотизмі, азаматтығы, адамгершілік және жалпыазаматтық құндылықтар идеясы негізінде студенттердің жеке қасиеттерін, тәрбиесін қалыптастыру, жалпы даму жолымен  колледждің бәсекеге қабілеттігін арттыру.