Колледж миссиясы 

Жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономикасының деңгейін арттыруға қабілетті, жоғары жеке қасиеттерге ие, теориялық және тәжірибелік дағдылары жоғары деңгейдегі, орта буындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

 

Белгіленген миссия,  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«№ 7 Бетқайнар колледжі» МКҚК

педагогикалық кеңесінде қаралды (01.12.99 № 3 хаттама)

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№7 Бетқайнар колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Колледж 1974 жылы құрылған. Кірпіштен тұрғызылған 706 білімгерге арналған екі қабатты оқу корпусы бар.

2020-2021 оқу жылында 496 білімгер білім алуда. Колледждегі білімгерлер келесі мамандықтар бойынша білім алуда:

 

 

Колледжде тек күндізгі оқу бөлімі ғана қарастырылған. Оқу кабинеттері жеткілікті . Бір ауысымда оқиды.

Колледждің өзекті мәселесінің тақырыбы:«Жаңа әлемде Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономикасының деңгейін жоғарылататын жоғары жеке қасиеттері, теориялық және практикалық дағдылары бар орта деңгейдегі және жұмысшы мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау» . 

Колледждің жалпы құрылымы және оқу материалдық базасы

Колледждің  материалдық техникалық базасы, типтік үлгідегі 1974 жылы пайдалануға берілген оқу-өндірістік кешенінде орналасқан және оқу құралдармен, көрнекіліктермен қамтамасыз етілген.

Колледждің оқу-өндірістік шеберханасы, оқу ғимараты, асхана, спорт кешені санитарлық-гигиеналық талаптарға  және техникалық қауіпсіздік нормаларына сай.  Білімгерлердің жалпы пәндер және арнайы пәндер бойынша білім алуға оқу бөлмелері мен зертханалар оқу құралдармен жабдықталған.

Оқу корпусы 2 қабатты типтік 706 білімгерге арналған

Жатақхана 4 қабатты 240 орындық, қазіргі уақытта 2-ші қабатында 75 орынға есептелінген.

Спорт зал -1

Асхана 120 орындық типтік

Оқу полигоны -1

Кітапхана -1, кітап қоры-13375

Оқу залы -1

№7 Бетқайнар колледжі жоғары жылдамдықты   интернет желісіне қосылған 

Тәрбие жұмысы.

2021-2022 оқу жылында тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тұжырымдамасы негізінде төмендегі  бағыттары  бойынша жүзеге асырылды:

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбие жұмысының мақсаты: қазақ париотизмі, азаматтығы, адамгершілік және жалпыазаматтық құндылықтар идеясы негізінде студенттердің жеке қасиеттерін, тәрбиесін қалыптастыру, жалпы даму жолымен  колледждің бәсекеге қабілеттігін арттыру.